17.02.2022 _ 15:40

2018-2021 жылдары 408 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді

Толып жатқан мемлекеттік мектептерді босату, сондай-ақ білім сапасын арттыру үшін күресте мектептер арасында салауатты бәсекелестікті дамыту. 2018 жылдан бастап жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім алуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мүмкіндігі заңды түрде бекітілген. Жекеменшік мектептер үшін жан басына шаққандағы норматив белгіленді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов хабарлады.
иллюстративное фото с сайта inform.kz

«Әдістеме бойынша жан басына шаққандағы стандарттың мөлшері екі құрамдас бөліктен тұрады. Бұл: операциялық шығындарды өтеу, жаңадан пайдалануға берілген жекеменшік мектептер үшін ағымдағы жылы норматив орташа 532 мың теңгені құрайды. Ол жылына әрбір жаңадан енгізілген оқушы орынға ғимараттың амортизациялық аударымдарына байланысты. Құрылыс кезінде – 96 АЕК (294 мың теңге), қайта құру кезінде – 47 АЕК. (143 мың теңге). Еекеуін қосқанда бір енгізілген орын үшін шамамен 900 мың теңге болады. Сонымен қатар, инвестордың ата-ана төлемақысын алуға құқығы бар. Ол оның қалтасы көтеретіндей боулы керек. Шекті мөлшері заңмен реттеледі. Амортизациялық компоненттер бойынша төлем - сегіз жыл, операциялық шығындар бойынша - уақыт кезеңі шектелмеген», - деп атап өтті спикер. 


Нысан құрылыс салушының меншігінде қалады. Алайда, шарттарға сәйкес мектептің нысаналы мақсатын өзгертуге шектеу 20 жыл мерзімге тіркеледі. Сондай-ақ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 9% көлемінде субсидиялау тетігі немесе кепіл бойынша кепілдіктер бар. 
Жобаға әлеуетті қатысушылардың жеке меншік, не тартылған капиталы, жер учаскесі болуы қажет, оны жеңілдікті шарттармен тегін де алуға болады. 


Қазір кезде елімізде 408 жекеменшік мектеп бар. Жыл сайын олардың саны артып келеді. Мәселен, өңірлер бөлінісінде жекеменшік мектептерді ашу бойынша Түркістан облысы мен Шымкент қаласы көш бастап тұр.