21.02.2022 _ 13:25

Қамауға алынған адамдар ұсталатын үй-жайларды күн сайын прокурорлар ғана емес, құқық қорғау ұйымдары да тексереді

Бас прокуратура тұрақты негізде қамауда отырған адамдарды ұстау жағдайларына тексеру жүргізуде. Әрбір күдіктімен жеке қабылдау жүргізіледі, ұстау шарттарына шағым болған кезде – шаралар дереу қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.
Қамауға алынған адамдар ұсталатын үй-жайларды күн сайын прокурорлар ғана емес, құқық қорғау ұйымдары да тексереді Иллюстративное фото с сайта inform.kz


«Қамаудағылардың өтініштері негізінен үй-жайлардың температуралық режиміне, сәлемдемелерді алудың қиындығына, туыстарымен кездесуді ұйымдастыруға және басқаларға қатысты болды. Қазіргі уақытта осы мәселелердің барлығы шешілді. Қамауға алынған адамдар ұсталатын үй-жайларды күн сайын прокурорлар ғана емес, құқық қорғау ұйымдары да тексереді. Тергеу изоляторларындағы қаңтар оқиғаларына қатысушыларға адам құқықтары жөніндегі уәкіл 9 рет, оның өкілдері 41 рет барған. Бұдан басқа, аталған адамдармен Парламент депутаттарының топтары 9 рет, Ұлттық сенім қоғамдық кеңесінің өкілдері төрт рет, «Біз азаптауларға қарсымыз» қоғамдық бірлестігі мен Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның өкілдері бір-бірден кездесті. Күдіктілерді ұстау шарттары барлық жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес келеді», - деді Қилымжанов. 


Бас прокуратура өкілі әлеуметтік желілерде күдікті тұлғаларды ұстау жағдайына қатысты жалған ақпараттар таратылатынын атап өтіп, азаматтарды тек ресми деректерге сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырды.