«Бүгін олардың 107-сі ауыр жарақаттармен, оның ішінде бас сүйегінің негізінің сынықтарымен, сұғылған пышақ жарақаттарымен, ауыр күйіктермен және өзге ауыр зардаптармен емделуде. Мысалы, Атырауда ағымдағы жылы 5-ші қаңтарда тәртіпсіздіктер кезінде облыстық әкімшілік ғимаратына шабуыл барысында қоғамдық тәртіпті күзетуге тартылған қарусыз полиция қызметкерін қатыгездікпен ұрып-соққан жергілікті тұрғын ұсталды. Видеодан көрінгендей ашулы тобыр полиция қызметкерін қоршап алып соққыға жыққан, нәтижесінде ол құлаған кезде ұсталған адам оның басына соққылар жұмсаған. Күдікті сот санкциясымен күзетпен ұстауға алынған. Біз қоғамға тергеудің алдын ала нәтижелерін хабарлауды жалғастырамыз, азаматтардың әрбір арызына, оның ішінде полицияның жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстарға ден қоямыз. Бұрын атап өткендей ішкі істер органдары тергеушілерінің барлық негізгі процессуалдық шешімдері қылмыстық процестің үшбуынды моделі аясында прокурорлармен келісіледі, ал азаматтардың конституциялық құқықтарын қозғайтын әрекеттер сотпен санкцияланады», - деді спкиер.
Ұрланған қаруды табу және алу мақсатында Ішкі істер министрлігі «Қару» республикалық жедел алдын алу іс-шараларын жүргізуде. Соның аясында ведомство өкілі азаматтардан күдікті адамдар, отты және суық қаруды заңсыз сақтау, және сату туралы кез келген мәлім ақпаратты полицияға хабарлауын сұрады.