23.02.2022 _ 14:00

Бір қатысушыға орта есеппен шығындар 15 млн теңгені құрады - ҰОК

Қазақстанның атынан Бейжіңде өткен қысқы ойындарға 34 спортшы қатысты. Ең үздік спорттық нәтижелерді шорт-трек командасы көрсетті. Бұл ойындарда 500 метр қашықтықта 4-орын алған Абзал Әжғалиев үздік болды. Сонымен қатар, шорт-тректен құрама аралас эстафетада 5 орын алды. Финалға қазақстандық шорт-трекші, жас Әділ Ғалиахметов шықты, ол шеберлігі жағынан көптеген тәжірибелі қарсыластарынан басым түсті. Юлия Галышева могул жарыстарында он бірінші болды. 11-орын алған акробат Ақмаржан Қалмырзаева финалға шықты. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков осындай мәліметтерді келтірді. Сонымен қатар, ол шығындар көлеміне тоқталды.

«Олимпиада ойындарына тікелей қатысуға жұмсалған шығындар - 248 млн теңге, оның 107 млн теңгесі AirAstana компаниясына чартер ұсынғаны үшін төленді. Ұлттық құрама командаларды Олимпиада ойындарына дайындау үшін 789 млн теңге жұмсалды. Дайындық оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға 234 спортшы мен жаттықтырушы қатысты. Орта есеппен шығындар бір қатысушыға 15 млн теңгені құрады. Спорт түрлері бойынша жыл ішінде нақты спорт түріне қанша қаражат жұмсалады? Бұл жағдайда биатлон – 384 млн теңге, тау шаңғысы спорты - 100 млн теңге, конькимен жүгіру спорты - 400 млн теңге, шаңғы жарысы – 363 млн теңге, керлинг - 200 млн теңге, шаңғымен трамплиннен секіру – 198 млн теңге, сноуборд – 14 млн теңге, мәнерлеп сырғанау – 143 млн теңге, фристайл-могул - 562 млн теңге, фристайл-акробатика – 319 млн теңге, хоккей шайбамен (ерлер мен әйелдер) – 259 млн теңге, шорт-трек - 392 млн теңге. Жалпы, қысқы спорт түрлеріне жұмсалып, қарастырылған бюджеттік қаржыландыру - 3,5 млрд теңге. ҰОК осы олимпиадалық циклге тартқан демеушілік қаражаты басқа да көздерден өзге шамамен 2 млрд теңгені құрады», - деп атап өтті спикер.

 
«Мемлекеттік тапсырма» бюджетінің серпіні олимпиадалық цикл үшін 2018 жылы 12,3 млрд теңгені, 2019 жылы – 13,8 млрд теңгені құрады, 2020 жылы қысқартылды, 2021 жылы – 15,5 млрд теңге, себебі екі Олимпиада қатарынан өтті.