«Рейхерд 5 Олимпиадаға, Галышева, Величко, Кузин, Айдова – 4-ші Олимпиадаларына барды. Олар оған жолдаманы ұтып алды. Олардың артында ізбасарлар аз. Бірақ 34 спортшының 19-ы жастар. Бірінші рет қатысқандар. Болашағы бар деген спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Ал Жанбота Алдабергенова, Дмитрий Рейхерд, Юлия Галышева сияқты спортшыларымыз қанша Олимпиадаға қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті, ол үшін рахметімізді айтамыз. Бес олимпиадаға қатысып, ел намысын қорғау – бұл үлкен еңбек. Медаль алу оңай емес. Абзал Әжіғалиевтің 4-ші орын алғанын тарихи жеңіс деп айтуға болады. Жүлде алу үшін қысқы спорт түрлерінің дамуына жағдай жасау керек. Спорт мектептерінің санын көбейту керек. Балалармен айналысатын жаттықтырушылар керек, олардың жалақысын өсіру керек. ҰОК өз атынан осыған қатысты ұсыныстарын берді», - деді Е.Қанағатов.