24.02.2022 _ 09:30

Отандық автокөлік ешқандай қолдау немесе мемлекеттік субсидия алған жоқ – М.Қарабаев

Қазақстанда орналасқан зауыттар еліміздің түкпір-түкпірінде сервистік орталықтар ашты. Қазіргі кезде қажетті қосалқы бөлшектерді бұрынғыдай басқа елден жеткізілгенін күтпей, бірден сатып алуға болады. Бұл азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алағында өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
Отандық автокөлік ешқандай қолдау немесе мемлекеттік субсидия алған жоқ – М.Қарабаев

«Кейбір қоғам белсенділері азық-түлік қауіпсіздігіне де кері әсерін тигізіп отыр дейді. Бұл да шындыққа жанаспайды. Мысалы, былтыр пандемия басталғанда елімізде жердел жрдем көліктері жетіспегенде, отандық кәсіпорын 2 айдың ішінде 1 мыңнан астам көлік шығарып, ауруханаларды қамтамасыз етті. Бұл елімізде өндіріс болғандықтан мүмкін болды. Себебі елдер бір-біріне ештеңе шығармай қойды. Логистика тоқтап қалды», - деді вице-министр. 


Сонымен қатар, спикер отандық автокөліктің субсидия алатынын жоққа шығарды.  

«Отандық автокөлік ешқандай қолдау немесе мемлекеттік субсидия алған жоқ. Тікелей субсидия да, мемлекеттік қолдау да, РОП-тан да, бюджеттен де ақша алған жоқ. Мәселе мынада. Мысалы, импорттық техника елге әкелінген кезде, ол утилизацилық алым төлейді. Ол біздің нарыққа шыққанда утильалым соның құнына кіреді. Ал отандық техникадан утильалым төлемеу алгоритмі қандай? Утильалым төленеді, содан кейін оны қайтарып аып, техниканы нарыққа шығарады. Осы өз ақшасын төлеп, қайтарып алғанды кейбір белсенділер жалпы автокөлік өндірушіге жасаған субсидия немесе мемлекеттік қолдау деп атайды. Ондай қолдау жоқ. Ол мемлекеттік қолдау да, субсидия да емес», - деді вице-министр.