24.02.2022 _ 11:30

ӨКМ Операторынан мұра. «Жасыл даму» АҚ депозиттік шоттарындағы қаражатты қоса алғанда, 222 млрд теңге қалды

Неге қаржы ағымы туралы ақпарат жоқ? Мысалы, бұрынғы оператордан не қалды? Қазіргі қаржылық жағдай қандай? Қаражат қалай жұмсалады? Журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кәдеге жарату жөніндегі жаңа оператор «Жасыл даму» АҚ-ның «ашық еместігін» атап өтті.

Ұйымның басқарма төрағасы Жанат Саматтың айтуынша, бұл белгісіздікке байланысты.  

«Бүгінгі таңда «ӨКМ операторынан» депозиттік шоттардағы қаражатты қоса алғанда, шамамен 222 млрд теңге қалды. «Жасыл даму» қызметін бастағалы шамамен 14 млрд теңге түсті. Ашық ақпарат түсуіне қарай сайтымызда жарияланады. Себебі, бүгінгі күні «Жасыл даму» АҚ бекітілген инвестициялық саясаты жоқ, бұл утилизациялық алымның мөлшерлемесін күтуімізге байланысты, ол бойынша инвестициялық саясаттың кіріс бөлігі және оған сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін шығыс бөлігі бекітілетін болады», - деді спикер жағдайды түсіндіре отырып.

 
Айта кетейік, жеңіл автокөлікті кәдеге жарату құны шамамен 200 мың теңге - бұл автомобильді тапсыратын жеке тұлғаға берілетін өтем. Оны кәдеге жарататын компанияның өтемі - шамамен 500 мың теңге. Ақша жеңілдік сертификаты түрінде беріледі.