25.02.2022 _ 10:30

Әскери бөлімдерде әскери тәртіптің сақталуы басты назарда – С.Жүсіпов

Өкінішке орай әскери қызметшілер арасында заңсыз қарым-қатынастар жағдайлары орын алуда. Бұл оқиғалар бойынша тергеп-тексерулер жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР қарулы күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов мәлімдеді.
Әскери бөлімдерде әскери тәртіптің сақталуы басты назарда – С.Жүсіпов

Спикер әскери бөлімдерде әскери тәртіптің сақталуы басты назарда екендігін атап өтті. Гарнизондарда оны бақылауды жүзеге асыратын әскери полиция органдары жұмыс істейді. Лауазымды адамдар бағынысты жеке құрам арасындағы әскери тәртіпке дербес жауап береді.