25.02.2022 _ 13:50

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін анықтаудың ғарыштық мониторингі енгізілді

2020 жылы пилоттық жоба жүзеге асырылды, ал 2021 жылы Қазақстанның барлық аумағында ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану бойынша ғарыштық мониторинг жүргізу әдісі енгізілді. Оның нәтижелерімен ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – ҚР Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспектор Мұрат Теміржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте таныстырып өтті.
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін анықтаудың ғарыштық мониторингі енгізілді

«Жалпы, космомониторинг пайдаланылмай жатқан жерлерді немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау бойынша өзінің тиімділігін көрсетті, өйткені ол қысқа мерзімде республиканың барлық ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға талдау жасауға мүмкіндік береді, көзбен шолып қарау және пайдаланбау фактісін тіркеу арқылы жеке баруды болдырмайды, нәтижесінде уәкілетті органдардың уақыт және материалдық шығындарын үнемдейді. Осылайша, космомониторинг қорытындысы бойынша 3,6 млн га пайдаланылмаған жер ерікті түрде қайтарылды», - деп нақтылады спикер.  


Бұдан басқа, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою мерзімдері қысқартылып, рәсімі оңайлатылды. Іс жүзінде механизм ұзақ болды.   

«Осылайша, жер ондаған жылдар бойы пайдаланылмаған және айналымнан шығарылған, тозған, арамшөптер қаптап кеткен, кейіннен оларды қалпына келтіру қиынға соғады. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 3 қаңтарында Мемлекет басшысы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою мерзімін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқартуды, сондай-ақ орынына шықпай космомониторинг арқылы мемлекеттік бақылаудың жаңа тетігін енгізуді көздейтін заңға қол қойды»,-деді АШМ өкілі.