25.02.2022 _ 14:10

Сараптамалық кеңес мүшелері жер қатынастары саласындағы әлеуметтік жағынан сезімтал мәселелерді шешуге арналған жаңашылдықтарды талқылайды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Біз бірге жаңа Қазақстанды құрамыз». Жаңа Қазақстанды құру үшін жаңа бастамалар қажет және жер саласы да одан тыс қалмайды. Ведомствоның негізгі міндеттері туралы Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы - ҚР Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Мұрат Теміржанов айтып берді.

Оның сөзінше, Жер ресурстарын басқару комитеті жанындағы консультативтік-кеңесші органның жұмысын жандандыру жоспарланған. 

«Жер мәселесі өте өзекті және әлеуметтік сезімтал болып саналады. Көбінесе жер қатынастары саласында қабылданған оң өзгерістер бұрмаланып, түсінбеушілік пен кейде қоғамның наразылығын тудыратын жағдайлар болады. Осыған байланысты, сондай-ақ «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында министрлік жер ресурстарын басқару комитетінің жанынан консультативтік - кеңесші орган-сараптамалық кеңес құрды. Оның құрамына Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері мен қоғамдық пікір көшбасшылары, саясаткерлер, сарапшылар, журналистер, ауыл шаруашылығы саласындағы қауымдастықтар мен бірлестіктердің өкілдері кірді. Осы диалог алаңының міндеті жер қатынастары саласындағы әлеуметтік жағынан сезімтал мәселелерді тиімді және әділ шешу үшін ұсынылған жаңашылдықтарды талқылаудың ашықтығы мен айқындығы болып табылады», - деп атап өтті спикер.