25.02.2022 _ 14:30

Жайылым мәселесі ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында

2017 бастап ауылдағы жайылым жерлерді кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жайылым мәселесі неше елді мекенде шешілді? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сұрақ қойды. ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан Бимендинаның айтуынша, жайылым мәселесі алғаш рет 2016 жылы көтерілді. 2017 жылы «Жайылым туралы» заң қабылданды. Содан бері елдімекеннің маңындағы 2 млн гекатарға жуық жер қайтарылды.
Жайылым мәселесі ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында иллюстративное фото с сайта inbusiness.kz

«Заңға жайылым жерлерді басқару жоспары енгізілген. Сол жоспар бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Жайылым мәселесі өте өзекті. Қазіргі кезде жайылым арқылы жайлауға шығу, инфрақұрылым салу жолдары қарастырылуда. Үкіметтік комиссия ай сайын осы мәселелерді көтеріп, жеке тапсырмалар беріледі. Талапқа сай жоспар құрылады. Сол бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көктемге дейін бірқатар мәселе шешіледі. Бұл жағдай әрдайым біздің бақылауымызда», - деді АШМ өкілі өз жауабында.  


Жалпы, АШМ мәліметінше, 2018 жылдан бастап Қазақстанда ауыл шаруашылық мақсаттағы пайдаланылмай жатқан 5 млн га жер анықталды. Оның ішінде, 2,7 млн га мемлекет меншігіне қайтарылды және 4,1 млн га тиісті іс шаралар жүргізу қорытындысы бойынша, бұрынғы жер пайдаланушылар мен жер иеленушілермен қайтып айналымға енгізілген.