«Тергеу жүріп жатыр, сондықтан, әсіресе біздің азаматтарымыз бойынша. Асығудың, уайымдаудың қажеті жоқ, тізімдер толықтырылады және біз бұл мәселелерді толықтай объективті түрде шешуге тырысамыз.
Бұл ұзақ мерзімді сот-медициналық сараптамалар мен тергеу жүргізуге байланысты айта кетейін, Қор өз жұмысын бастаған соң мемлекет бірден мұқтаж науқастарға, қиын материалдық жағдайдағы адамдарға көмек көрсетуді қаржыландыруды қысқартады деуге болмайды. Басқа қайырымдылық қорлары да өз жұмысын жалғастыруда. Бір айда 30 мың өтініш түсті, олардың үштен екісі құзыретімізге жатпайды. Бірақ мен, Қор көмектеседі деп ойлаған көп адамның көңілі қалады деп ашық айтамын. Біз бәріне бірдей көмектесе алмаймыз, бірақ көмек көрсетілетін адамдарға әділдік, адалдық және объективтілік қамтамасыз етіледі деп айта аламын», - деп уәде берді спикер.
Қайырбек Сүлейменов қаза тапқан азаматтық тұлғалар мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты.
«Біз дұрыс-бұрыс деп бөлмейміз. Азаматтарға келсек, қайтыс болу және ауыр жарақат алу фактісі төлем алу үшін негіз болып табылады, бірақ қаңтардағы оқиғалар кезінде қылмыстық әрекеттер жасаған адамдардың белгілі бір санаттары барын айтуымыз керек. Бізден «неге қарақшылардың отбасыларына көмектестіңіз?» деп сұрауы мүмкін. Бұл ретте тергеу органдарының қорытындысын ескереміз. Біз объективті болуға тырысамыз. Қордың қамқоршылық кеңесінің құрамындағы менің міндетім мен жұмысымның мақсаты осы деп ойлаймын», - деп түйіндеді қоғам қайраткері.