04.03.2022 _ 10:20

ҚР Президенті жанындағы МБА құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылдың 23 шілдесіне дейін ұзартылды

Биыл ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау ережелері жаңартылды. Біріншіден, құжаттарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 23 шілдесіне дейін ұзартылды, бұрын - 5 маусымға дейін үлгеру керек болатын. Осы және басқа да маңызды өзгерістер туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл айтып берді.
иллюстративное фото с сайта 24.kz

«Үміткерлер конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша мемлекеттік органның жолдамаларын ұсына алады; магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларының тізбесі кеңейтілді; ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификаттардың тізбесі кеңейтілді; конкурстық іріктеу кезеңдері қайта қаралды, олар магистратура бағдарламаларында кейс пен сұхбатты шешу кезеңдерін, ал модульдік бағдарламаға түсушілер үшін – сұхбатты қамтиды. Докторантура бағдарламаларына түсушілер үшін үш кезең қарастырылған. Конкурс қорытындысы бойынша магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бөлінісінде жинаған баллдар сомасы бойынша үміткерлердің сараланған тізімі қалыптастырылатын болады. Мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік органмен келісім бойынша жұмыс орнын сақтай отырып, Академияда ақылы негізде оқуға мүмкіндік беретін шарт түрі енгізілді», - деп атап өтті ректор. 


Магистратураға түсу үшін мемлекеттік қызметшілер үшін кемінде 2 жыл, докторантураға кемінде 3 жыл өтілінің болуы негізгі талап болып табылады. Магистратураның жеке бағдарламалары бойынша - санаты және басшылық лауазымдағы өтілі болуы қажет.