11.03.2022 _ 13:40

2030 жылға қарай су тапшылығына байланысты әлеуметтік-экономикалық даму қарқынының төмендеу қаупі бар – Экология министрлігі

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның су саласының жағдайы туралы баяндады. Су мәселелері бүкіл адамзатты алаңдатуда. Бірінші себеп, жаһандық жылыну. Соған байланысты мұздық ағынының азаюы байқалады, су деңгейі төмендеуде.
2030 жылға қарай су тапшылығына байланысты әлеуметтік-экономикалық даму қарқынының төмендеу қаупі бар – Экология министрлігі



Вице-министрдің айтуынша, еліміздегі жерүсті ағынды сулардың жартысына жуығы сырт елдерден келеді.  


«Кейбір мәселелер бойынша біздің тәуелділігіміз өте үлкен, мысалы Арал-Сырдария бассейнінде 93% су сырт елдерден келетін суларға тәуелдіміз, Жайық-Каспий - 80% шамасында, Шу-Талас - 74%, Балқаш-Алакөл - 48%. Бұдан бөлек, ішкі мәселелер де бар. Сондытан суды таратуда, оны тұтынушыға жеткізуде әр жерлерде 40-60% дейін су ысырапқа кетеді. Сонымен қатар, суды ысыраппен пайдалану мәселесі де бар. Ел экономикасы жалпы ішкі өнімнің бір долларына Ресей немесе АҚШ-қа қарағанда үш есе, Австралияға қарағанда алты есе көп суды қажет етеді. Экономика салаларында халықтың су ресурстарын пайдалануының ағымдағы жағдайы сақталатын болса, 2030 жылға қарай су тапшылығына байланысты әлеуметтік-экономикалық даму қарқынының төмендеу қаупі бар», - деді спикер.