14.03.2022 _ 10:00

ҚР Бас прокуроры ҰҚШҰ контингентін тарту себептері туралы айтты

Сол күндері оқиғалар тез өрбіді. Елдің егемендігі мен тұтастығына төнген қауіпті дұрыс бағалап, жедел шешім қабылдау қажет болды. 5 қаңтарда ел Президенті төтенше жағдай енгізді. 6 қаңтарда терроризмге қарсы операция жарияланды. Біздің ел сол кезеңде агрессияға ұшырады, Қазақстанның аумақтық тұтастығына қауіп төнді. Мәжілісте өткен отырыста ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мемлекеттіліктен айырылудың ықтимал қайтымсыз салдары туралы айтып берді.
ҚР Бас прокуроры ҰҚШҰ контингентін тарту себептері туралы айтты

«Бұл факторлар Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарттың 4-бабына сәйкес ҰҚШҰ-ға мүше елдердің бітімгершілік контингентін тартуға негіз болды. Олардың басты міндеті -стратегиялық маңызы бар объектілерді қорғау. ҰҚШҰ әскерлері терроризмге қарсы операция жүргізуге қатыспағанын ерекше атап өткім келеді. Бітімгерлердің маңызды объектілерді күзетуі Қарулы қылмыскерлермен күресу үшін құқық қорғау, арнайы органдар мен армияның күштері мен құралдарының едәуір бөлігін босатуға мүмкіндік берді. Осыдан кейін біздің құқық қорғау және әскери күштеріміз барлық басып алынған нысандарды бақылауға алды. 7 қаңтарда Алматы мен Алматы облысында блокпосттарды ату, тергеу изоляторын басып алу және дүкендерді тонау әрекеттері жалғасты», - деп атап өтті бас прокурор.  


Елдегі жағдай 8 қаңтарда ғана тұрақтанды.