14.03.2022 _ 10:20

Бас прокурор асылов: ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алу әрекеттері туралы 15 іс қозғады

Мемлекет Басшысы құқық қорғау және арнаулы органдарға, қаңтар оқиғасының себептерін егжей-тегжейлі тергеп-тексеруді тапсырды. Аталған фактілер бойынша, барлығы 3 770 қылмыстық іс қозғалды. Басым бөлігі, Ішкі істер министрлігінің өндірісінде, олар – адам өлтіру; ұрлық; қарақшылық; бұзақылық; қару ұрлау.
Бас прокурор асылов: ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алу әрекеттері туралы 15 іс қозғады

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында ҚР Бас Прокуроры Берік Асылов мәлімдеді. 


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, тергеудің заңсыз тәсілдерін қолдану фактілері бойынша 234 істі жүргізуде. Ұлттық қауіпсіздік комитеті: – мемлекетке опасыздық жасау, – билікті басып алуға әрекет ету және – аса ірі мөлшерде пара алу бойынша 15 істі тергеуде. Бұл істер бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Масимов, және оның 3 орынбасары, сот санкциясымен қамауға алынды. Осы, органның тағы 2 басшысы, билікті асыра пайдалану күдігімен, қылмыстық жауаптылыққа тартылуда. 
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің істеріне, «өте құпия» деген белгі берілді», - деді Асылов тергеу мәліметтері егжей-тегжейлі жария етілмейтінін түсіндіре отырып.