14.03.2022 _ 10:50

Қылмыскерлерде екі мыңнан астам қару бар - ҚР Бас Прокуроры

Алматы және Жамбыл облыстарының екі полиция департаменттерінен қылмыскерлер 800-ге жуық атыс қаруын ұрлады. Бұл 262 автомат, 501 тапанша, 12 гранатомет, пулемет және 60 мыңнан астам оқ-дәрі. Еліміздің Бас прокуроры Парламентте сөйлеген сөзінде ұрланған қаруларға жеке тоқталды.
Иллюстративное фото с сайта sputnik.kz


Берік Асыловтың мәліметінше, аңшылық дүкендер мен құқық қорғау және арнайы органдардың қару-жарақ арсеналдарынан 3 мыңға жуық қару ұрланған.   


«Бұл көлемнің тек үштен бірі немесе 771 бірлігі табылды. Екі мыңнан астам қару-жарақ, соның ішінде автоматтар, мылтықтар, тапаншалар мен гранатометтер, сондай-ақ гранаталар әлі де қылмыскерлердің қолында. Бұл бір полкті қаруландыруға жетеді. Бейбіт тұрғындарға бұл қару қажет емес екені түсінікті. Ол елдегі жағдайды ауқымды тұрақсыздандыру үшін ұрланған. Барлық осы фактілер бойынша қылмыстық істер тергелуде», - деп атап өтті спикер.