14.03.2022 _ 11:10

ҚР Бас прокуроры: ел бойынша «қаңтар трагедиясында» барлығы 230 адам қаза тапты

Елдің бас прокуроры «қаңтар трагедиясы» құрбандарының санын айтты. Ел бойынша барлығы 230 адам қаза тапты, оның ішінде 19 әскери және қауіпсіздік күштері қызметкері. Ең көп қаза тапқандар саны Алматы қаласында - 139 адам.
иллюстративное фото с сайта azattyq.kz

«Бүгінгі таңда әкімшілік ғимараттардың шабуылына тойтарыс беру кезінде және құқықтық тәртіп орнату барысында 86 шабуылдаушы жойылғаны анықталды. 53 адам бойынша өлімнің мән-жайы анықталуда. Олар қала аумағында әртүрлі жарақаттармен, соның ішінде 48 – атыс, 2 – пышақ, 3-басқа жарақаттармен және күйіктермен табылды. Басқа 7 өңірде 63 шабуылдаушы әкімдік, полиция және ҰҚК департаменті ғимараттарын қорғау кезінде құқықтық тәртіп күштерімен жойылды. Бүгінгі таңда атысқа кездейсоқ тап болған 20 азаматтың қайтыс болғаны нақты белгілі. Оның 11-і Алматы қаласында, 8-і Алматы облысында және біреуі Тараз қаласында. Олардың ішінде айқас оқ астына түскендер, бүлікшілердің қолынан қаза тапқандар, сондай-ақ блок-бекеттердегі әскери талаптарға бағынбағандар да бар», - деп атап өтті Берік Асылов.