14.03.2022 _ 11:20

ҚР Бас прокуроры: тергеу құпиясын және кінәсіздік презумпциясын ескере отырып, тергеудің барлық егжей-тегжейін осы кезеңде ашу мүмкін емес

Бүгінгі таңда тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда. Қылмыскерлерді іздеу, дәлелдемелерді жинау және бекіту жүріп жатыр. Бұл туралы еліміздің бас прокуроры Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзін қорытындылай келе мәлімдеді.


«Тергеу құпиясы және кінәсіздік презумпциясы туралы біздің заңнаманың талаптарын ескере отырып, мен тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша шектеулі мәліметтерді келтірдім. Естеріңізге сала кетейін, тергеу 2 айдан астам уақытқа созылады. Мұндай ауқымды трагедияның барлық егжей-тегжейлері мен жағдайларын анықтау үшін көп уақыт қажет. Көп жағдайда куәгерлер жоқ. Кешенді сот сараптамалары мен баллистикалық зерттеулер тағайындалды. Олардың нәтижелерін күтеміз. Мұның бәрі айыпталушылардың дәрежесі мен рөлін дұрыс анықтау, ұйымдастырушыларды, көмекшілерді анықтау, ұрланған қаруды табу және тағы басқалар үшін қажет. Сонымен қатар, барлық қылмыстық істер бойынша түпкілікті шешімдер міндетті түрде жұртшылыққа жеткізілетін болады», - деп сендірді спикер.