14.03.2022 _ 11:50

ҚР Ішкі істер министрі: 1 215 бірлік қару мен 22 мың оқ-дәрі қайтарылды

Қазіргі таңда заңсыз айналымда әлі де көптеген қару-жарақ бар. Оны қайтару бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында ІІМ басшысы Марат Ахметжанов хабарлады.

«Республика бойынша арнайы «Қару» операциясы жалғасуда. Оның барысында 1215 қару және 22 мың оқ-дәрі қайтарылды. Сонымен қатар азаматтар ерікті түрде 120 қару тапсырды. Осы жиынды пайдалана отырып, ҚР азаматтарына заңсыз қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік те, қылмыстық та жауапқа тартылмайтынына кепіл беремін. Бұл заңмен көзделген. Сондықтан табылған қару-жарақты полицияға тапсыруға шақырамыз», - деді ведомство басшысы.  


М.Ахметжанов елімізде құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.