14.03.2022 _ 12:20

Э.Әзімова: жаппай тәртіпсіздік салдарынан 4000-нан астам азамат түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды

Алдағы сот процестерінің ашықтығы және оған тәуелсіз бақылаушылардың қатысуы туралы мәселе де маңызды болып табылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бұл мәселе бойынша Жоғарғы Сот Төрағасына және Бас прокурорға жүгінді. Бұл туралы Эльвира Әзімова Мәжілістің пленарлық отырысында мәлім етті.
Иллюстративное фото с сайта inform.kz

«Сол қайғылы күндерде жаппай қылмыстар мен адам өміріне қауіптің жоғары деңгейі болғаны анық. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан 4000-нан астам азамат түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Оның ішінде мыңнан астам азамат пен 3 мыңнан астам құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар. 238 адам қаза тапты. Қоғам объективті құқықтық бағалауды және кінәлілерді жазалауды талап етеді. Жаппай бұзушылықтардың алдын алу, гуманитарлық іс-шараларды қолдау және қорғауға қолжетімділікті арттыру, оның ішінде ұстауға, арнайы құралдар мен қаруды қолдануға байланысты шаралар кешенін әзірлеу қажет», - деді адам құқықтары жөніндегі уәкіл.