14.03.2022 _ 13:30

СИМ: ӘМАТ бағасы мониторингі бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағаларының мониторингі бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев хабарлады. Мониторингтің негізгі арналары - статистика мен фискалдық деректер операторларының деректері.

«Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өсті. Бәрінен бұрын қырыққабат 1,6%–ға, қант 0,6%-ға және картоп 0,5%-ға қымбаттады. Өңірлер бөлінісінде бір апта ішінде бағаның ең жоғары өсуіне Маңғыстау облысында 0,8%-ға, Қостанай және Қызылорда облыстарында 0,4%-ға жол берілген. Фискалдық деректер операторларының мәліметтері бойынша бір аптадағы баға 0,6%-ға өсті», - деді ведомство өкілі.