14.03.2022 _ 14:00

ҚР АШМ: Азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің ең негізгі бөлігі

Еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі қай деңгейде жүзеге асырылуда? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сұрақ қойды. Оған ҚР АШМ аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті директорының м.а. Назгүл Хатепова жауап берді.
ҚР АШМ: Азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің ең негізгі бөлігі


«Азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің ең негізгі бөлігі. Сондықтан бұл мәселеге мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Ішкі нарық қажетті көлемдермен толыққанды өзінің өндірісі есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Ішкі нарық бірнеше тауар бойынша импортқа тәуелді. Бірақ бұл тауарлар бойынша ішкі нарықты толықтыру бойынша жылдан жылға жүйелі түрде жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі кезде ешқандай тауар бойынша тапшылық жоқ», - деді спикер. 


Оның айтуынша, жалпы ең негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлығы тұрақтандыру қорларында, өндіруші ксіпорындарда, сауад орталықтарында бар. Әкімдіктердің ең соңғы мәліметтері бойынша, ел бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлар қоры 1,3 млн тоннаны құрап отыр. Оның ең негізгілері: 900 мыңға жуығы көкөніс дақылдары, 90 мыңға жуық қант, 144 мың астық, ұн, сиыр еті, құс еті, жұмыртқа. Осылайша, ішкі нарықты қамтамасыз етуге жетерлік ӘМАТ көлемі бар.