15.03.2022 _ 11:50

Тұман болмайды. Газға ауысқанда елордада шығарындылар көлемі төрттен бірге азаяды

Нұр-Сұлтан атмосфералық ауасы жоғары ластанған қалаларға жатады, негізінен қысқы жылыту кезеңінде. Мәселенің шешімі - 100% газдандыру. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов елдегі экологиялық проблемаларды шешу жайлы айтып берді.
иллюстративное фото с сайта 24.kz

  
Оның сөзінше, елордада жергілікті билік 2024 жылға дейін толық газдандыру жоспарын бекітті.    


«Бізде 30 мың үй бар. Әкімдіктің мәліметінше, 14 мыңға жуық үйге тиісті инфрақұрылым тартылған, 4 мыңға жуық үй қосылды. Жеке меншік секторды газға ауыстырған кезде мәселе шешіледі деп ойлаймын. Сонымен қатар, ЖЭО-1 және ЖЭО-2 су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды, газдың болмауы мәселесі шешілуде. Жалпы, бұл шаралар шығарындылар көлемін 20 мың тоннаға немесе 25%-ға қысқартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қалада жүздеген басқа ластау көздері бар, қазандықтар, ШОБ объектілері, олар бойынша да мәселені шешу қажет», - деп атап өтті спикер.