17.03.2022 _ 13:40

Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Герлиц төрт мәрте үздік бестікке кірді

Қытай елінде 4-13 наурыз аралығында өткен XIII қысқы Паралимпиада ойындарында еліміздің ұлттық құрама командасы бір қола медальға қол жеткізіп, 53 мемлекеттің арасында командалық есепте 17-ші орынға тұрақтады. Бұл туралы ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде  Бейжің-2022 қысқы Паралимпиада ойындарының қорытындысы бойынша өткен брифингте мәлімдеді.
Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Герлиц төрт мәрте үздік бестікке кірді

«Ойындарда пара шаңғы жарысы, пара биатлон, пара хоккей, тау шаңғысы, арбадағы керлинг және сноуборд сынды спорттың 6 түрінен әлемнің 700-ден астам спортшысы бағын сынады. 78 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Оның ішінде біздің спортшылар 12 медаль жиынтығы бойынша жарысқа түсті. Паралимпиада ойындарында ел намысын 5 спортшы қорғады. 2022 жылғы 8 наурызда Александр Герлиц пара биатлоннан 10 шақырым қашықтықта үздік үштікке еніп, қола медальға қол жеткізді», - деді спикер. 


Оның айтуынша, бұл медаль тәуелсіздік алған жылдардан бергі Қазақстан құрама командасының қысқы Паралимпиада ойындарындағы үшінші медалі. Сонымен қатар, Александр Герлиц төрт мәрте үздік бестікке кірді.