18.03.2022 _ 12:00

Республиканың әр аймағында түрлі мәдени танымдық көпшілік іс-шаралар өтеді

25 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен былтырдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Наурыз сыйлығы» ұлттық премиясы табысталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді.

Сондай-ақ, республикамыздың әр аймағында түрлі мәдени танымдық көпшілік іс-шаралар жүзеге асырылады. 

«Көпшіліктің қатысуымен түрлі деңгейдегі мәдени, спорттық ұлттық іс-шаралар, айтыстар, концерттік бағдарламалар, көрмелер, қазақ халық аспаптар фестивалдері, түрлі конкурс, байқаулар, театрландырылған қойылымдар, челенждер,  шерулер, кездесулер, сайыстар, ұлы тұлғалардың мерейтойларына арналған конференциялар, қолөнер көрмелері, ұлттық тамақ, ұлттық ойын, күрес, арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ, қол күрес, аталардың, әжелердің конкурстары секілді тағы басқа да Наурыздың маңыздылығы мен мазмұнын айшықтайтын көптеген ауқымды әрі іс-шаралар жүзеге асырылатын болады», деді спикер.