18.03.2022 _ 12:30

Нұр-Сұлтан қаласында «Наурыз Думан» мәдени іс-шаралары ұйымдастырылады

Елордада Наурыз мерекесінде қала тұрғындары концерттерге, көрмелерге, қойылымдарға, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға, серуендерге және т.б. қатыса алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұран Қамзин хабарлады.

«22 наурызда сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін барлық ауданда, соның ішінде елорданың елді мекендерінде «Наурыз Думан» мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Іс-шарада ведомстволық бағынысты ұйымдардың әртістері мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарламасы қарастырылған. Сондай-ақ, жиналған жұрт ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға қатыса алады, оның ішінде, арқан тарту, асық ату, тоғыз құмалақ және т.б.. Бұл күні мерекенің басты белгісі – Наурыз көже ұлттық тағамы да жұртшылыққа таратылады», - деді спикер.