18.03.2022 _ 13:40

Қазақстанда наурыз айында ақпанның осы кезеңімен салыстырғанда КВИ ауруы 33 есеге төмендеді

Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ карантиндік шараларды қайта қарау және жеңілдету бойынша берілген  тапсырмаларын орындады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ведомство басшысы Ажар Ғиният мәлімдеді.

Бүгінгі таңда  күніне орташа есеппен шамамен 100 жағдай тіркеледі, бұл жақсы нәтиже. 

«Жалпы Қазақстанда наурыз айында ақпандағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда сырқаттану 33 есеге төмендеді. Репродуктивті жұқтырғыш саны 3 есеге азайды. Инфекциялық және реанимациялық төсектердің қамтылуы 8% құрайды, соңғы айда ем қабылдап жатқан адамдардың саны 5 есеге төмендеді. Қазіргі кезде 8 350 науқас, оның ішінде стационарда 6707, амбулаториялық деңгейде 7 680 адам ем алуда», - деді министр.