18.03.2022 _ 13:50

Вирустың «Омикрон» нұсқасынан туындаған аурудың соңғы өршуі ең қысқа болды – ҚР ДСМ

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы және барлық өңірлер жасыл аймақта. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

«Вирустың «Омикрон» нұсқасынан туындаған аурудың соңғы өршуі ең қысқа болды және шамамен 1 айға созылды. Бұл коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін мемлекеттің, бизнестің және халықтың үйлестірілген бірлескен шараларының тиімділігімен байланысты. Сонымен қатар, әлемде «Омикрон» нұсқасынан туындаған аурудың өсуі жалғасуда, бірқатар елдерде  2 айдан астам уақытқа созылды, ал кейбір елдерде 3 ай жалғасуда», - деді ведомство басшысы.