25.03.2022 _ 10:35

Балама жолдарды қарастырамыз. Энергетика министрлігінің басшысы КҚК-дағы апат жағдайында шикізат жеткізу туралы

Қазақстан әлемдік нарықтарға сенімді көмірсутектер жеткізуші болып қала ма? Жеткізілетін шикізат көлемі төмендемей ме? Бұл жағдайдан кейін қандай қорытындылар жасалады? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шетелдік БАҚ өкілдері Каспий құбыр консорциумы айлағындағы апатқа орай энергетика министріне осындай сұрақтар қойды. Болат Ақшолақов қысқа ғана қайырды.

«Қорытындылар жасалуда. Сондай-ақ КҚК-да қазір орын алған жоспардан тыс оқиғалар жағдайында біздің энергия тасымалдаушыларымызды және бірінші кезекте, Еуропа нарығына үздіксіз жеткізу үшін балама жолдарды қарастырамыз және жұмыстар жүргіземіз», - деп жауап берді энергетика министрлігінің басшысы.