25.03.2022 _ 14:00

Пилоттық жобаларды іске асыруға халықаралық сарапшылар, ғылыми қоғамдастық, сондай–ақ әртүрлі салалардың жетекші мамандары тартылды - ІІМ сервистік полиция туралы

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, полицияны трансформациялау жұмысын түрлі сервистік элементтерді тестілеуден, халық пен полицейлердің өзара қарым-қатынастардың жаңа форматына дайындығынан бастау керек. Осыған байланысты, Қазақстанда өзара толықтыратын екі пилоттық жоба қолға алынды. Олар туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк Орталық коммуникациялар қызметі алаңында видеокадрларды көрсете отырып, толығырақ айтып берді. Пилоттық жобаларды іске асыруға халықаралық сарапшылар, ғылыми қоғамдастық, сондай-ақ әртүрлі салалардың жетекші мамандары тартылды.
Пилоттық жобаларды іске асыруға халықаралық сарапшылар, ғылыми қоғамдастық, сондай–ақ әртүрлі салалардың жетекші мамандары тартылды - ІІМ сервистік полиция туралы


 


«Бірінші жоба 2019 жылы Қарағанды қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен басталды. Жобаның мақсаты басқа мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың мамандары мен сарапшыларының қатысуымен пилоттық аумақтың проблемаларына терең талдау жүргізу болып табылады. Ол үшін Қарағанды облысы әкімдігінің жанынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ құрылды. Оның құрамына әкімдік, өңірлік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, Жастар ісі жөніндегі органдар, прокуратура, полиция, Қарағанды ІІМ Академиясы және жергілікті жұртшылық өкілдері кірді. Бұл жоба қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларының жергілікті маңызы зор екенін және оларды жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп шешу керектігін айқын көрсетті. Бейнекамераларды орнату, патрульдеу бағыттары мен уақытын түзету, қоғамдық көлік қозғалысының бағыттарын ұлғайту немесе өзгерту қажет болатын жерлер бірден белгілі болды.  Жұмыссыздыққа ерекше назар аударылады, өйткені сауалнамаға қатысқан сотталғандардың басым көпшілігі тұрақты табыс көзі болса, заңды бұзбайтындықтарын айтты. Қазіргі уақытта оң нәтижелерді ескере отырып, ұқсас жобалар еліміздің барлық өңірлерінде іске қосылды, ведомствоаралық топтар құрылды, талдамалық жұмыс әдістемесіне оқыту жүргізілді. Қарағанды облысында бұл жоба аудандар мен спутник қалаларға тарайды», - деді полковник.