25.03.2022 _ 14:30

Биыл полицияның сервистік моделін жаппай енгізу тұжырымдамасы және одан арғы іс-қимылдардың тиісті жоспары әзірленетін болады

Әкімшілік істерге және профилактикалық есепке алу жұмыстарына учаскелік полицейлердің 60% уақыты үнемделді, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша тәуекелді бағалау алгоритмі іске қосылды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сервистік полицияның пилоттық жобаларының нәтижелері туралы ҚР ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтып берді. Сонымен қатар…


«...жаңа Телеграмм арналары арқылы азаматтардың сауалдарына жауап беру уақыты қысқартылды (1-ден 5 минутқа дейін); полиция қызметкерлерінің жұмыс сапасын бағалау үшін өтініш берушілермен және құқық бұзушылармен кері байланыс форматы орнатылды. Бұл тек басы ғана. Бұл ретте алдын ала қорытындылар полицияның жедел-тергеу блогын сервистік модельге көшіру қажеттігіне нық сенім ұялатты. Жалпы, екі пилоттық жобаның қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың өзінде полицияның сервистік моделін жаппай енгізу тұжырымдамасы және одан әрі іс - қимылдың тиісті жоспары әзірленетін болады», - деп түйіндеді спикер.