27.03.2022 _ 17:40

Ғ.Құсманғали: Қазақстандағы Екінші Республика - идеологиялық концепт емес, саяси трансформация

Мемлекеттердегі өзгерістер үнемі революциялық жолмен ғана болмайды. Қазақстанда - бұл эволюциялық даму. «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғалымжан Құсманғали осылай деп есептейді.

«Бұл идеологиялық концепт емес, саяси трансформация, мемлекеттің саяси құрылымды институционализациялау. Кейбір себептермен, кейбіреулер бұл түсінікті ауыстыруға тырысады және революциялық жолмен өзгеріс болуы керек дегенді мысал ретінде келтіреді. Жоқ, іс жүзінде мұндай өзгерістер эволюциялық даму есебінен болып жатыр және қазір Қазақстан, еліміз трансформация қажет болған кезде шыңға шықты, Екінші Республика –бұл еліміздің одан әрі дамуын, одан әрі демократияландыруды қамтамасыз етуге тиіс саяси қайта құрулар болатындығының көрсеткіші», - деп түсіндірді спикер.