28.03.2022 _ 13:50

ҚМДБ: негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Рамазан айында көбірек сауапты амалдар, мүмкіндігінше, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, науқастың көңілін сұрап, зиярат жасауға үндеді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
ҚМДБ: негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық

«Осы ретте кәсіпкер азаматтарды қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10%-ға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырамын. Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Діни басқарма жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қоры қасиетті айда «Шарапатты Рамазан», «Рамазан қоржыны», «Рамазаннан тәберік» сынды ауқымды республикалық қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырады. Осы ретте еліміздегі барша мұсылман жамағатын қайырымдылық акцияларына белсенді түрде үлес қосуға шақырамын», - деді еліміздің бас мүфтиі. 


Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында жарапазан жырын жатқа айтушылар арасында арнайы сайыстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.