28.03.2022 _ 14:00

Оразаны қандай нәрселер бұзбайды

ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халық тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.
Оразаны қандай нәрселер бұзбайды

«Оразаны қандай нәрселер бұзбайды? Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек; құлаққа су кіру, топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, ораза бұзылмайды; қан алдыру немесе сүлік салдыру; көзге, құлаққа дәрі тамызу; мисуак немесе тіс пастасын қолдану оразаны бұзбайды. Бірақ пастасы ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып тістерді жуу; тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт; ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет; Сондай-ақ душқа, теңізге, көлге түсу оразаны бұзбайды», - деді Ершат қажы.  


Оның айтуынша, әдейі бір нәрсені жеп-ішу; темекі шегу, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау; аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту оразаны бұзады. Сонымен қатар, себепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу оразаны бұзады.