29.03.2022 _ 10:20

Мұнай жеткізушілердің маржиналдылығы 30%-ға, ал үлестес делдалдар 10-15%-ға жетеді - БҚДА

Мұнай және мұнай өнімдері нарығының негізгі қатысушылары - вертикалды интеграцияланған екі компания. СНПС және ҚазМұнайГаз ішкі нарыққа жеткізілетін мұнайдың 80%-ын өндіреді, 3 ірі МӨЗ және ЖМҚС негізгі бөлшек сауда желілеріне иелік етеді. Олардың арасында бәсекелестік жоқ. Бөлшек саудада екеуі де нарықтағы ағымдағы бағаларға немесе іс жүзінде белгіленген бағаларға сүйенеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мәлімдегендей, ішкі нарыққа жеткізілетін мұнай бағасын жасырын түрде реттеледі. Ішкі нарыққа жеткізу үшін іріктеп алынатын мұнай көлемі қандай да бір өлшемдерді қолданбай айқындалады.

Бірақ көтерме нарықта екі негізгі мұнай жеткізушісі – берушілер жұмыс істейді. Бұл Петросан және ҚазМұнайГаз. Егер ҚазМұнайГаз - 100% мемлекеттік компания болса, Петросанның 50%-ы СНПС-ке, ал қалғаны - жеке компанияға тиесілі. 
«11 млн тонна мұнай өнімдерінің 2/3 бөлігі тікелей бөлшек сауда желілеріне, үшінші бөлігі, әдетте, ешқандай инфрақұрылымы жоқ қайталама көтерме сауда жеткізушілеріне сатылады. Қазақстандық отын қауымдастығының деректері бойынша СНПС тобына кірмейтін тәуелсіз ЖМҚС желілері немесе ҚазМұнайГаз делдалдардан мұнай өнімдерінің жетіспейтін көлемін алады: Гелиос - 65%, Газпром Нефть-Қазақстан - 80%, ұсақ желілер – 90% дейін. Осылайша, мұнай өнімдері нарығында делдалдардың екі буыны жұмыс істейді - мұнай жеткізушілер (Петросан және ҚазМұнайГаз) және әдетте, олармен үлестес және инфрақұрылымы жоқ көтерме жеткізушілер. Соңғы буын артық. Мұнай жеткізушілердің маржасы 30%-ға, ал аффилирленген делдалдар 10-15%-ға жетеді. 

Өз кезегінде МӨЗ-де мұнай өңдеудің бірыңғай технологиялық циклын ұсақтау тәжірибесі қалыптасты. АМӨЗ-де газ сақтау паркі, Павлодар МӨЗ-де мұнай өнімдерін байыту және тасымалдау бойынша инфрақұрылым іске асырылды. Олардың жалпы технологиялық циклден шығарылған қызметтері мұнай өнімінің құнын арттырады», - деп атап өтті спикер.  


Бөлшек сауда нарығында екі негізгі желі бар - Petro Retail (бұрынғы ҚазМұнайГаз), Sinоoil нарықтағы негізгі үлеске ие. Sinоoil тікелей өзінің үлестес Petrosun компаниясынан, Petro Retail - осы желінің бұрынғы меншік иесі - ҚазМұнайГаз компаниясынан көлемдерді сатып алады. 


Қалған желілер мен ұсақ АЖҚС көлемінің кемінде үштен бірін делдалдардан сатып алады.