29.03.2022 _ 10:50

Тауарлық газ нарығына ілеспе әлеуетті бәсекелес нарықтар монополияланған

Тауарлық газды тасымалдау нарығында «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Азиялық газ құбыры» ЖШС және «Бейнеу Шымкент Газ Құбыры» ЖШС магистральдық газ құбырлары және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тарату желілері бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері бар. Табиғи монополиялар субъектілері шығындарының 35%-ы газ құбырларын техникалық пайдалануды аутсорсингке беру жолымен мемлекеттік тарифтік реттеуден шығарылды. Нәтижесінде, 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін осы жұмыстардың құны 42%-ға ұлғайды.
Тауарлық газ нарығына ілеспе әлеуетті бәсекелес нарықтар монополияланған

Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу нарығында нарықты монополиясыздандыру процесі басталды. Мәселен, республиканың 6 өңірінде жеке операторлардың үлесі 15 -20%-ға жетеді. Бөлшек сауда операторы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның өзі жұмыс көлемінің шамамен 70%-ын сыртқы ұйымдарға аутсорсингке берді. Алайда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сатып алатын бөгде ұйымдардың қызметтеріне бәсекелестік қолжетімділік жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мәлімдеді.  

«Соңғы 5 жылда « ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның сыртқы ұйымдарға аутсорсингке берілген биллинг, көлік және өзге де қызметтері сол бір жеткізушілермен ұсынылады. Мысалы, биллинг қызметтерін құрылтайшысы бір 10 жеткізуші ұсынады. Осылайша, бөлшек оператор жұмысының кемінде 70% - ын аутсорсингке беру фактілері және нарықта басқа бөлшек операторлардың болуы нарықтың монополиясыздандыруға, ұлттық оператордың активтерін жеке компанияларға беруге дайын екендігін білдіреді. Бұл ретте, «ҚазТрансГаз» АҚ бұған дейін тауарлық газды сатып алуға басым құқық беруі, шын мәнінде монополиясыздандыру, ел өңірлерін ауқымды газдандыру қажеттілігімен негізделді. Сонымен қатар, «Сарыарқа» негізгі магистральдық газ құбырын және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тарату желілерін салуды қаржыландырудың негізгі көздері компанияның сыртқы нарықтарда тауарлық газды өткізуден түсетін кірістері емес, халыққа қызмет көрсетуден алынатын қарыз, бюджет қаражаты және тарифтік кірістер болды. Бәсекелестіктің және тең қолжетімділіктің неғұрлым елеулі шектеулері тауар газына қосылған кезде құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығында болады. Мысалы, 2021 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бірыңғай лотымен ел өңірлерін газдандыру бойынша жұмыстар сатып алынды. Еліміздің түрлі өңірлерінде «толық аяқталған» барлық жұмыстарды қамтитын үлкен бірыңғай лотпен 6 млрд теңгеден астам сомаға қызметтер сатып алынды. Консорциум жеңімпаз болып анықталды. Лотты ірілендіру жөніндегі мұндай іс-әрекеттер ШОБ үшін осы сатып алуға қолжетімділікті шектеуге алып келеді. Соңғы 3 жылда 770 млрд теңге сомасына ең ірі сатып алулар бір көзден 450 млн теңгеден астам лотпен немесе конкурссыз сатып алынды. 250-ден астам қызмет көрсетушілерден тұратын «үйішілік» желілерді салу кезінде «Газ Құрылыс» ЖШС негізгі ойыншысына нарықтың 70% тиесілі болды. Бұл ретте, қосалқы мердігерлерге жергілікті нарық субъектілері тартылды не бәсекелестердің бағасынан 15% -20% жоғары бағалар бойынша өз бетінше қызметтер көрсетілді. Ол үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ кеңселерінде болу, сондай-ақ қосылуға өтінімдерді басым қарау сияқты бірқатар артықшылықтар жасалды. Осылайша, әлеуетті бәсекелі нарықтар монополияланған», - деп атап өтті спикер. 


Мұның бәрі монополиялық нарық, тауарлық газды бірыңғай сатып алушы шығындарына мысалдар болып табылады, олар тек қарастырылып отырған нарықты ғана емес, басқа шоғырланған тауар нарықтарын дамыту туралы шешімдерді дайындау кезінде де ескерілуі керек.