29.03.2022 _ 14:30

Биыл жыл соңына дейін 6 жасқа толатын балалар 1-сыныпқа бара алады - БҒМ

1 сәуірде бірінші сыныпқа өтінімдер қабылдау басталады. Баланың ата-анасынан немесе заңды өкілінен еркін нысандағы өтініш, емханадан 026/у-3 және 063/у нысанындағы анықтамалар, сондай-ақ туу туралы куәліктің көшірмесі және 3х4 екі фотосурет талап етіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова хабарлады.

«Басқа ешқандай құжаттар қажет емес. Кейде қоңырау шалып,  менен ПИК-тен немесе жұмыс орнымнан анықтама сұрап жатыр деп айтады... Бұл анықтамалар қажет емес. Мектепке қабылдау үшін тек 4 құжат қана қажет. 2022-2023 оқу жылына арналған болжам бойынга оқушылар саны артып келеді. Бірінші сыныптарға 420 мыңға жуық білім алушыны қабылдау жоспарланып отыр», - деп атап өтті спикер.


Талдау көрсеткендей, ата-аналардың 80% - ы электронды түрде жұмыс істегенді жөн көреді, сондықтан өтінімдер Еgov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы да қабылданады. Айта кетейік, бірінші сыныпқа туған күні желтоқсан айының соңында болатын балалар да бара алады.