30.03.2022 _ 13:40

Әлемдегі және Қазақстандағы Франкофония

Француз тілінде бүгінде 300 миллионнан астам адам сөйлейді, осы жағынан ол әлемде 5-ші орында. Сондай-ақ 29 елде және көптеген халықаралық ұйымдарда ресми тіл мәртебесіне ие: БҰҰ, Еуропалық комиссия, Халықаралық Олимпиада комитеті, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Интерпол, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы және т.б.. Француз тілі – ағылшын тілінен кейін әлемдегі ең көп оқытылатын екінші тіл. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс мәлімдеді.

«Өткен жылдағыдай біздің мақсатымыз - француз тілі мен франкофон мәдениеттерінің алуан түрлілігін көрсету. Біз баршаға қызықты және әр түрлі бағдарлама жасауға тырыстық. Француз киносының дәстүрлі фестивалі өтеді. Сондай-ақ, дарынды пианист Давид Бисмут шақырылады, осыған ерекше назар аударғым келеді. Ол сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларында концерт береді. Сондай-ақ түрлі кездесулер, көрмелер және дәстүрлі француз ән байқауы, сондай-ақ олимпиадалар ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда француз тілін үйренушілер мен сөйлеушілердің саны артып келеді деуге брлады. Француз тілі 29 елде ресми тіл болып табылады. Ағылшын тілінен кейін ол әлемдегі ең көп зерттелген. Біз сіздің елде француз тілін оқыту мен үйренуді қолдаймыз. Қыркүйек айында Алматыда 25-ші мектепте, Нұр-Сұлтанда 17-ші мектепте 2 пилоттық жоба іске қосылды. Алғаш рет Қазақстанда француз халықаралық Шарль де Голль - Мирас мектебі мен Сорбонна - Қазақстан институтында қостілді бөлім ашылды. Бұл қазақстандық студенттерге халықаралық құқық және халықаралық қатынастар саласында білім алуға мүмкіндік береді, қос үлгідегі диплом беріледі», - деді елші.