30.03.2022 _ 13:50

Франкофон көктемі-2022 байқауына қатысушылар үшін бельгиялық тудың түсімен түрлі сыйлықтар дайындалды - А. Вантигем

Бельгия франкофон көктемі-2022 шарасында «Ессіз өмір» фильмін ұсынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Бельгияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анри Вантигем мәлімдеді. Оның айтуынша, бельгиялық картинада ана мен баланың арасындағы күрделі қарым-қатынасы көрсетіледі.

«Бұл фильм Шымкенттегі Француз альянсында 2 сәуірде, содан кейін Нұр-Сұлтан, Алматыда көрермен назарына ұсынылады. Қазақстандықтар Бельгия кинематографының осы туындыларымен таныса алады. Сонымен қатар біз бельгиялық іс-шараларды француз тілінде ұсынамыз. Комикстер де болады, өйткені ол Франция мен Бельгия альянсындағы ең танымал мәдени салалардың бірі. Бұл бғыт өте ерекше. Әрине, барлық қатысушылар үшін Бельгия туының түсінде жасалған түрлі сыйлықтар дайындалды», - деді елші. 


Айта кетейік, Бельгия халқы тек француз тілінде ғана емес, неміс, голланд тілдерінде де сөйлейді.