31.03.2022 _ 11:50

Алдағы демалыс күндері – тауға баруға болмайды. ТЖМ қар көшкіні болуы ықтимал деп ескертті

Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аймақтарында қардың қалың түскені байқалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖ министрі Юрий Ильин хабарлады. Ол тау бөктерінде тұратын адамдарға үндеу жолдады.

«Ауа температурасы көтерілген кезде тау өзендерінің бойымен ағыстың қарқыны артып, өздігінен қар көшкіні болуы мүмкін екенін алдын ала ескертеміз. Сондықтан алдағы демалыс күндері таулы жерлерде тұратын азаматтардан қар көшкіні аймағына түспес үшін тауға барудан бас тартуларын сұраймыз. Таулы жерлерге баруға қатысты да тиісті ескертулер мен шектеулер болады», - деп атап өтті ведомство басшысы.