31.03.2022 _ 14:10

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысы

Бүгін елордада Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Кездесу гибридті– офлайн және онлайн форматта өтті. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және Қарағанды облысының әкімдіктері, сыртқы істер, ақпарат және қоғамдық даму, мәдениет және спорт, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері онлайн-режимде қосылды.

Комиссия төрағасы Игорь Рогов Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңадан тағайындалған комиссия мүшелерін таныстырды.   
Оның айтуынша, құқық қорғау жүйесінің алдына екі бірдей күрделі міндет қойылды. 

«Құқық қорғау» атауының өзі - адамдардың, еліміздің барлық азаматтарының және Қазақстан аумағында болатындардың құқықтарын қорғау, олардың заңды құқықтары мен мүдделері қорғалуы тиіс. Бір жағынан мемлекеттің, қоғамның, кәсіпкерлердің, ұйымдардың мүдделері, екінші жағынан қылмыстық-құқықтық немесе әкімшілік ықпалға ұшырағандар да біздің заңмен қорғалуы керек.  Конституцияның 17-бабының 2-тармағында ешкімді азаптауға, оларға қатыгездікпен қарауға, жазалауға болмайды деп айтылған. Осы екі маңызды міндетті қатар атқару оңай шаруа емес», - деп атап өтті комиссия басшысы Рогов.