01.04.2022 _ 09:50

ҚР ЕХӘҚМ: Қазақстандықтарға Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында 40 мыңнан астам қызмет көрсетілді

2021 жылы Қазақстанның түрлі өңірлерінде жұмыс істейтін 30 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қарт азаматтарға 40 мыңнан астам түрлі қызмет көрсетілді.

Аға ұрпаққа, ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың бос уақытын жүйелі ұйымдастыру, ішкі шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау, қоғамдық өмірге тарту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары (бұдан әрі – Орталық) «бір терезе» қағидаты бойынша үш бағыт бойынша жұмыс істейді: белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулық мәдениеті және жұртшылықпен байланыс. Орталықтардың қызметі қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған: өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруге пассивті өмір сүру менталдылығын өзгерту, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыру (йога, скандинавиялық жүріс, IT-сауаттылығын арттыру, мотивациялық және кәсіпкерлік курстар, ағылшын тілі курстары және т.б.).

Орталық алғаш рет 2018 жылы Алматы қаласында ашылды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы бұйрығымен барлық өңірлерде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу көзделген аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоғарыда аталған жоспарды іске асыру шеңберінде өткен жылы 15 орталық ашылды, оның ішінде 2 орталық Ақтөбе қаласында, Қарағанды облысының Балқаш қаласында, Түркістан облысының Арыс және Жетісай қалаларында, Атырау қаласында, Нұр-Сұлтан қаласында, Павлодар қаласында, Петропавл қаласында, Талдықорған қаласында, Бөрлі ауданында Батыс Қазақстан облысы, Ақтау қаласы, Қостанай облысы Тобыл қаласы, Семей қаласы және Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Первомайский кенті.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, 2021 жылы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары бойынша жобаларды іске асыруға 738 млн.теңгеден астам қаражат жұмсалды, 30 орталыққа 385 қызметкер жұмылдырылды, 40 мыңнан астам түрлі қызмет көрсетілді.

Қазіргі уақытта республика бойынша еліміздің барлық өңірлерінде белсенді ұзақ өмір сүрудің 37 орталығы жұмыс істейді. Жалпы санының 9-ы коммуналдық мемлекеттік мекемелер ретінде, қалғандары – үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру есебінен ашылды.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, бүгінгі күні орталықта қызметкерлердің жалпы саны 490 адамды құрайды, 2022 жылы жергілікті бюджеттерден Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жобаларын іске асыруға 1,6 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар, «Қамқорлық қоры» корпоративтік қоры еліміздің әрбір өңірінде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашуды қосымша жоспарлап отыр.