01.04.2022 _ 11:40

Әлемдегі креативті индустрияны капиталдандыру 2,3 трлн долларға жетеді

2021 жылы бастамашыл топ Қазақстанның креативті индустриясын қолдау және дамыту қоғамдық қорын құрды. Осындай бірегей жобалардың бірі «Анамның орамалы» жобасы болды. Жоба авторы - белгілі суретші, Еуразиялық Өнер академиясының президенті Лейла Махат.


Орталық коммуникациялар қызметінде өткен таныстырылым барысында ол креативті экономика - әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан секторлардың бірі екенін атап өтті.  

«Негізінде мәдениет, бизнес, өнер, саясат, дизайн қиылысатын тапқыр және бірегей идеяларды материалдандыру жатыр. 13-тен астам түрі. ЮНЕСКО-ның бағалауы бойынша креативті индустрияларды капиталдандыру 2,3 трлн долларға жетеді. Әлемде 30 миллионнан астам адам креативті индустрия салаларында жұмыс істейді. 2015 жылы Канада университеті зерттеу жүргізді. Онда Орталық Азия өңірінің 5 елі де таныстырылды. Қазақстан креативті индустрия бойынша 84-орында. Мемлекеттің экономиканың креативті секторына назар аударғаны және өткен жылы оны дамыту жөніндегі тұжырымдама қабылданғаны қуантады. Ол табысты іске асырылады деп үміттенемін», - деп атап өтті спикер. 


Креативті индустрияны қолдау қоры – жеке меншікті қор. Қызметі әлемдегі креативті экономиканы қолдауға бағытталған қазақстандық бизнесмендердің ғана емес, халықаралық ұйымдардың да инвестициялары тартылатын болады. Қордың негізгі мақсаты - тұрақты жұмыс істейтін алаң құру, онда олар шоғырланып, өз идеяларын пысықтай алады.