04.04.2022 _ 10:50

2021 жылы Қоғамдық келісім кеңестері 119 мыңнан астам адамды қамтитын 4 995 іс-шара өткізді

Қоғамдық келісім кеңестері 2014 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде, негізінен ауылдық жерлерде жұмыс істейді. Кеңестердің құрамына ақсақалдар мен жергілікті қоғам белсенділері кіреді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғалымжан Құсманғали хабарлады.

«Кеңес мүшелері тұрғындарға мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға көмек көрсетеді, тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға, жалғыз басты қарт адамдарға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қайырымдылық шараларына, кездесулерге қатысады. Ел аумағында осындай 2 619 астам кеңес бар, олардың құрамына 18 мыңнан астам адам кіреді. 2021 жылы Қоғамдық келісім кеңестері 119 мыңнан астам адамды қамтитын 4 995 іс-шара өткізді», - деді спикер.