04.04.2022 _ 11:00

Журналистер клубы этносаралық, қоғамдық келісім мен азаматтық бірлікті сақтауда БАҚ-тың күш-жігерін біріктіруге ықпал ететін тұрақты консультативтік-сарапшылық алаң

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы тағы бір қоғамдық құрылым – Ассамблеяның Журналистер клубы. Этносаралық қатынастар саласындағы Журналистер мен сарапшылар клубы 2009 жылы құрылған. Бұл – толеранттылықты нығайту, этносаралық, қоғамдық келісім мен азаматтық бірлікті сақтауда бұқаралық ақпарат құралдарының күш-жігерін біріктіруге ықпал ететін тұрақты консультативтік-сарапшылық алаң.
Журналистер клубы этносаралық, қоғамдық келісім мен азаматтық бірлікті сақтауда БАҚ-тың күш-жігерін біріктіруге ықпал ететін тұрақты консультативтік-сарапшылық алаң

 «Оның құрамына этносаралық мәселелер тақырыбына қалам тартатын республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері, сондай-ақ этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар кіреді. Клубтың ұйымдастыруымен жыл сайын «Шаңырақ» шығармашылық байқауы өткізіледі», - деді «Қоғамдық келісім» РММ директоры Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.  


Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының міндеттері Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының басты назарында. Қоғамдық құрылымдардың зор әлеуетін жаңа Қазақстанның жаңа мүмкіндіктерінде тиімді қолдануға болады.