04.04.2022 _ 15:20

Адамды құқық қорғау органдары қарумен ұстап алған жағдайлар ерікті түрде тапсыру деп танылмайды

Қаруды ұрлаумен және сақтаумен байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 17 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзімін алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.
Иллюстративное фото с сайта 24.kz

«Мысалы, Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының үкімімен бұрын 2021 жылы сотталған және пробациялық бақылаудағы азамат С. 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жаппай тәртіпсіздік кезінде қарақшылық әрекеттер жасап, ірі соммадағы ұрлық жасаған. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен азамат М. «Анна» қару-жарақ дүкенінен 4 мылтық пен оқ-дәріні ұрлағаны үшін 3 жылға нақты бас бостандығынан айырылды», - деді қадағалаушы орган өкілі.

Сондай-ақ ол заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Бұл ретте адамды құқық қорғау органдары қарумен ұстап алған жағдайлар ерікті түрде тапсыру деп танылмайды.