04.04.2022 _ 15:40

Е.Қилымжанов: қызмет бабындағы әрекетсіздік бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды

Арнайы прокурорлар күш құрылымдарының жекелеген басшыларына қатысты тергеуді жалғастыруда. 5 қаңтарда Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында екі полиция департаменті мен үш ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары өз ғимараттарын, соның ішінде қарумен қалдырғаны белгілі.
иллюстративное фото с сайта ratel.kz

Олардың барлығы күдікті деп танылды.

«Осы фактілер бойынша қызмет бабындағы әрекетсіздік бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды. Ағымдағы жылдың 1 және 2 сәуірінде Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары мен Алматы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа тұлғаларға қатысты қазір дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізілуде», - деді қадағалаушы орган өкілі.