04.04.2022 _ 16:00

Азаматтар өз еркімен қарудың 120 бірлігін тапсырды

Қылмыскерлерден және олар жасыратын орындардан 1 386 бірлік қару-жарақ алынды, оның ішінде 154 автомат, 419 тапанша, 166 жарақаттайтын қару, 70 арнайы мылтық, 30 гранатомет және т.б.. Одан басқа, 22 479 оқ-дәрі алынып, тәркіленді. Мұндай мәліметтерді Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов осындай мәліметтерді жариялады.
Иллюстративное фото с сайта 24.kz


Мысалы, Алматы қаласында «Оружейник» дүкенінен қару ұрлауда күдікті тағы бір адам ұсталды, ол ұрланған қаруды Түрксіб ауданындағы қараусыз қалған ғимаратта сақтаған. 

«Ұсталған адамнан шолақ карабин және тегіс ұңғылы мылтық алынды. Шынында да, қылмыстық элементтер заңсыз айналымға түскен қаруды кез келген сәтте бейбіт азаматтарға қарсы пайдалана алады. Осыған байланысты, қаруды өз еркімен тапсыру және күдікті адамдар, атыс және суық қаруды заңсыз сақтау және сату туралы қандай да бір ақпаратты ұсыну қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда азаматтар өз еркімен қарудың 120 бірлігін тапсырды. Бұл ретте, олардың ешқайсысы қандай да бір жауапкершілікке тартылған жоқ», - деді спикер.