06.04.2022 _ 11:30

Биыл 4 мыңнан астам бағдарлама сараптамадан өтеді - Н.Оспанова

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша колледждерге академиялық дербестік берілді. Бұрын біз әртүрлі біліктіліктер бойынша оқыту мерзімдерін қатаң реттеп, белгіледік. Орташа алғанда 2 жылдан 4 жылға дейін. Бұл ереже «Білім туралы» Заңнан алынып тасталды. Енді бұл нақты білім беру бағдарламалары мен қажетті оқыту нәтижелеріне байланысты болады.

«Бүгінде колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқу мерзімдерін дербес айқындайды, яғни мамандарды даярлау еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін болады. Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларының тізілімі жасалды. Оған сараптамадан өткен, сапалы бағдарламалар ғана енеді. Биыл 4 мыңнан астам бағдарлама сараптамадан өтеді», - деді ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.